Сүйінші! Бүгін Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем түсті
АСТАНА. 1 ақпан. Бүгін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаларға алғашқы нысаналы жинақтар түсті. Бұл туралы «Халық үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми қолданысқа енді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды.
Сонымен, бүгін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балалардың арнайы шотына 100,52 доллардан түсті.
Ата-аналар қанша қаражат түскенін kids.enpf.kz сайтына кіріп, тексере алады.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақты екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға пайдалануларына болады.