Алматыда жер сілкінісі кезінде жалған ақпар таратқан әйел анықталды
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. Алматы полициясы жер сілкінісі туралы жалған ақпар таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы Nege.kz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікке ілінген жас келіншек мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болатынын сағатына дейін атап айтып, елді одан бетер дүрліктіре түскен.
Енді тергеп-тексеру нәтижесі бойынша оның іс-әрекетіне құқтық баға беріледі.
«Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпар таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпарды жіті зерделеп, тек ресми мәнбелерден алынған деректерге ғана сенулеріңізді сұраймын», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Егер тергеу нәтижесімен 29 жастағы Ж. есімді азаматшаның кінәсі дәлелденсе, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылады.