Зеленьский Ресейдің түстігін «Украинаның тарихи жерлері» деп жариялады
КИЕВ. 22 қаңтар. Украина президенті Володимир Зеленьский бүгін Ресейдің оңтүстігіндегі бірқатар аумақтарды Украинаның тарихи жерлері деп тану туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына арқа сүйеген rast.kz хабарлайды.
Ресми Киев Ресей Федерациясының Белгород, Брянск, Воронеж, Курск облыстарын, сондай-ақ Краснодар өлкесінің Кубань, Стародубщина, Северная и Восточная Слобожанщина аудандарын ежелден украиндар мекен еткен тарихи территория деп таныды. Украина президенті Володимир Зеленьскийдің сөзіне қарағанда, ол 22 қаңтар күні «украинның болашағы үшін тарихи өткеннің шындығын қайтару» мақсатында осыған қатысты тиісті жарлыққа қол қойған.
«Біз бүгін Украина мен өз халқымыздың топтастығын нығайту үшін ғана емес, сонымен бірге құқықтары мен бостандықтарының, украиндар туралы шындықтың, өзіміз туралы шындықтың және біздің тарихымыз туралы шындықтың жиынтығы үшін нақтылы қадамдар жасауымыз керек», – деп УНИАН Зеленьскийдің Украина топтасқандығының 105 жылдығына орай жасаған мәлімдемесінен дейектеме келтіреді.
Президент Жарлығына сәйкес, Украина билігі Ресейдің белгіленген аумақтарында украиндардың ұлттық бірегейлігін сақтау жөнінде іс-қимыл жоспарын енгізуі керек. Сонымен қатар, Министрлер кабинетіне сарапшылардың көмегімен осы аумақтарда тұратын немесе бұрын тұрған украиндарға қарсы жасалған қылмыстар туралы, сондай-ақ оларды мәжбүрлі түрде орыстандыру саясаты, саяси қуғын-сүргінге ұшырату мен депортациялау туралы фактілер мен дәлелдерді жинау және зерттеу тапсырылды.
Украинаның 1918 жылғы картасы