Дума РФ тұрғындарының бәрін «орыстар» деп атайтын заң ұсынды
МӘСКЕУ. 25 қараша. Ресей мемлекеттік думасында Ресей Федерациясындағы орыс халқының мәртебесін анықтайтын федералды заң қабылдау мәселесі көтерілді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мемлекеттік думаның депутаты, дағыстандық құмық Султан Хамзаев (шын аты-жөні – Бийсултан Султанбиевич Хамзаев) отырыста осындай ұсыныспен шығыпты. Бұған дейін де орысқа жағынудың не атасын көрсетіп келе жатқан ол бұл жолы тіпті өз ұлтынан безуге де дайын екенін білдіретінін байқатыпты. Жағымпаздың жарапазанынша, «Ресей Федерациясының көп ұлтты халқы» деген тіркесті «Ресей Федерациясының орыс халқы» деген ұғымға алмастырған елдгі ахуалға дөп келеді-міс.
«Ресейде ұлттар көп, бірақ халық біреу ғана. Ол – барлық ұлттар топтары кіретін орыс халқы», – деп түсіндірді депутат бұл бөспесін. Айтуына қарағанда, Ресей қоғамы осындай заңнамалық ұғым енгізуге толық пісіп-жетілген. Сонымен, «орыс халқы» деген категорияға тек славян халықтары ғана емес, сонымен қатар Дағыстан, Татарстан, Шешенстан, Башқұртстан, Удмуртия және Саха секілді ұлттық республикалардың тұрғылықты тұрғындары да жататын болып шықты.