ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Бір тәулік ішінде коронавирус 9 елге тарады

КОПЕНГАГЕН. 27 ақпан. Соңғы 24 сағаттың айналымында коронавирустың жаңа типі әлемнің тағы 9 еліне тарап үлгерді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Өткен тәулікте індеттің Данияға да жеткені белгілі болды. Оны жұқтырған адам жақында Италияның тау шаңғылы курортында демалып қайтқан екен. Ер кісі әзірге үй жағдайындағы карантинде отыр.

Sondakika.com сайты хабарлағанда, коронавирус 24 сағаттың төңірегінде бұдан басқа Бразилия, Пәкістан, Солтүстік Македония, Грекия, Грузия, Алжир, Швеция және Норвегия елдерінің аумағынан көрініс тапқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, осы кезге дейін коронавирус жұқтырған 2 770 адам қайтыс болған.

Атап өтейік, өлім шақыратын ауыр кесел Қытайдан кейін Иран мен Италияда айтарлықтай тараған болып тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button