Брянск облысына украин диверсанттары шабуыл жасады
БРЯНСК. 17 тамыз. Ресейдің Брянск облысына украиндардың диверсиялық барлау тобы кеше кешке жорыққа шықты. Бұл туралы Ura.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
РФ федералды қауіпсіздік қызметі Брянск облысында украин диверсиялық барлау тобының (ДБС) шабуыл жасамақ болған әрекетіне тосқауыл қойылғанын баяндады. Ал өңір басшысы Адександр Богомаз бес диверсанттың оққа ұшқанын мәлімдеді.
Купянск бағытындағы ахуал Киев үшін айтарлықтай күрделене түсті. Мұны украин Жаяу әскерлерінің қолбасшысы Олександр Сырский айтты.
РФ федерациялық кеңесі конституция комитетінің басшысы Андрей Клишас сенаторлар БАҚ-тар мен әлеуметтік желіде әскери мәліметтер беретін суреттер мен видеоны жариялауға тыйым салынатын заң жобасын дайындап жатқанын жеткізді. Ол тәртіп бұзғандарға 500 мың рубль көлемінде айыппұл салынатынын, сондай-ақ үш жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын әңгімеледі.
Мемлекеттік кеңес Қырымға Украина Қарулы күштерінің РФ армиясына қарсы жасап жатқан шабуылының нәтижесін көрсететін суреттер мен видеолар жариялағандарға 300 мың рубльге дейін айыппұл салуды ұсынды.
Ал Херсон облысының РФ тағайындаған гауляйтері Владимир Сальдо Украина Қарулы күштері Днепрден өтіп, сол жағалауға десант түсіру барысында 100 жауынгерінен айырылған жайында гөйтті.
«Ресейде арнайы соғыс операциясы аймағында шабуыл қимылдарын бастау үшін қолайлы жағдай жасау үдерісі қолға алынып жатыр», – деді РФ мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов.