Назарбаевтың аты оқу орындары мен қамқоршылық кеңестен алынады
АСТАНА. 29 маусым. Қазақстан Парламентінің Сенаты Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін оқу орындарынан алып тастауға және оны қордағы жоғары қамқоршылық кеңес төрағасы мәртебесінен айыруға қатысты заң қабылдады. Бұл туралы zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сенат депутаттары палатаның бүгінгі жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты оның атындағы мектептердің, университеттің және қордың жоғарғы қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесінен айыру туралы заңды екі оқылымда мақұлдады.
Құжат қол қойып, бекіту үшін Мемлекет басшысына жіберілді.
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын екі оқылымда мақұлдады.
Бұл – Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктілік туралы» Заңына ілеспе құжат. Атап айтқанда, ол «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қорының» мәртебесі туралы заңға мемлекет басшысының тәуелсіз жоғарғы қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайтын бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Заңға сәйкес Президент немесе Президент тағайындайтын тұлға жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.
Бұдан бөлек, дарынды балаларды зияткерлік мектептерде оқытуға ақы төлеу оларға конкурстық негізде Президенттің білім грантын беру арқылы жүзеге асырылады. Президент «Өркен» білім грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Түсінікті тілмен айтқанда, «Өркен» білім грантын енді Нұрсұлтан Назарбаев емес, Қасым-Жомарт Тоқаев белгілейтін болады.