Қытайдың ЕО-дағы елшісі Украинаның 1991 жылғы шекарасына келуін қолдады
БРЮССЕЛЬ. 28 маусым. Қытайдың Еуропа одағындағы елшісі Фу Конг Украинаның тәуелсіздік алып шыққан 1991 жылғы шекарасы аумағында болуына қолдау білдірді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Украинаның 1991 жылғы халықаралық деңгейде мойындалған шекарасындағы өз жерлерін қайтарып алуға ұмтылуы Қытайдың барлық елдердің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу жөніндегі позициясына сәйкес келеді», – деді ҚХР-дың Еуроодақтағы елшісі Фу Конг кеше Жозаирдың (Алжирдің) Al Jazeera газетіне берген сұхбатында. Ол Киевтің былтырдан бері Ресей оккупанттары басып алған жерлерін, соның ішінде 2014 жылы аннексияланған Қырымды қайтару мақсатына қолдау көрсетесіз бе, деген мазмұнда қойылған сауалына бірден: «Неге қолдамасқа! Қолдаймын, әрине!» деп жауап берді.
«Біз барлық елдердің территориялық тұтастығын құрметтейміз. Сондықтан Қытай бұрынғы Кеңес Одағымен қарым-қатынас орнатқанда, біз тап осы мәселе жөнінде келісіп алдық. Бірақ, менің әлгінде айтып кеткенімдей, бұл – қазір Ресей мен Украина арасында талқыланып, шешілуге тиісті тарихи мәселе, біз осыны қолдаймыз», – деп атап өтті Фу.
Түсіндірме 16 маусымда Брюссельде өткен «Еуропа – Қытай» бизнес-саммитінен кейін берілді. Осы жылы көктемде Фу Конг Американың New York Times газетіне берген сұхбатында Бейжің Ресейдің, – Қырым мен Донбасты қоса айтқанда, – ежелгі украин территорияларын аннексиялап алуға бағытталған әрекеттерін мойындайынын мәлімдеген еді. Елші сондай-ақ Қытайдың Мәскеуше әскери көмек беріп отырмағанын, бұдан кейін де бермейтінін қадап айтты.
Сонымен бірге Фу Қытай Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын айыптамайтынын, себебі, Мәскеудің бұл жөніндегі позициясы НАТО-ның соңғы жылдардағы әрекеттеріне байланысты болып отырғанын жақсы түсінетінін жеткізді. ҚХР басшылығы батыс лидерлері айтып отырғаннан гөрі «ілкі себептер дағдарыстың өзінен де күрделі» деп есептейді, деп түсіндірді мұны дипломат.
1991 жылы Кеңес Одағы тараған пәйттен бері қарай Ресей Қырымды аннексиялап басып алды, Донецк және Луганск облыстарының бірқатар өңірлеріндегі сепаристерге қолдау көрсетті. Ал 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Владимир Путин бастаған РФ басқыншылар армиясы Украинамен соғысып жатыр.