Кения жеңіл атлеттері чемпионатында желаяқ естен кетпестей ерлік жасады
НАЙРОБИ. 26 маусым. Кенияда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан ел чемпионатында жергілікті атлет таңғаларлық әрекет жасап, әлеуметтік желінің қаһарманы болып шыға келді. Бұл туралы Obozrevatel telegram-каналына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Кенияның жеңіл атлетикадан чемпионы Заблон Эквама өзінің жарыс кезінде жасаған фантастикалық қимылымен ұлттық біріншіліктің дисквалификациясын аман қалуымен бірге заматында әлеуметтік желінің ең беделді кейіпкерлерінің біріне айналып кетті.
Оқиға Найробидің «Ньяйо» ұлттық стадионында өткен ерлер арасындағы 4х400 метрлік эстафета жарысы кезінде орын алды. 25 жастағы чемпион Эквама өзінің кезегінде эстафета таяқшасын қолынан түсіріп қойып, оны жерге тигізбей қағып алып, ары қарай кідірместен жүгіріп кете берді.
Осы сәт бейнеленген видео заматында интернетте хитқа айналды. Онда атлеттің қолынан шығып кеткен таяқша оның алдында келе жатқан желаяқтың өкшесіне тиіп, кері қайта бергенде, бұл оны қағып алып, жүгіріп кете барады.
Видеоның авторлары бұл мезетті «таң қаларлық оқиға» деп атайды.