Брянск облысында Ресей легионы РФ армиясымен соғысып жатыр
МӘСКЕУ. 28 мамыр. Бұған дейін Белгород жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жасаған «Ресейдің азаттығы» легионы Брянск облысына да қырғидай тиді. Бұл туралы ресейлік және украиналық таблоидтар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Облыстың Бровничи селосында кешелі бері кескілескен қызу шайқас жүріп жатыр. Ал ұшқышсыз ұшақтардың шабуылдары кезінде РФ әскерилерінің екеуі ажал құшты.
Брянск аймағы осылай дүрбелеңге түсті. Мұнда да өткен жолғы Белгород облысындағы секілді жергілікті жұрт арасында ішкеріге қарай қашып, бейберекет босып бара жатқандар көп.
Шабуыл жасаушыларға «украин диверсиялық барлау тобы» деген ат таңып алған РФ телеграм-каналдары үрейге толы хабарларды үстін-үстін таратуда.
Ресейліктер ресурстар соның ішінде «Украин диверсиялық барлау тобы» Брянск облысының Сушаны селосы тұсынан жарып кіргенін баяндады. Екі жақтың сондай-ақ Бровничи селосында қиян-кескі шайқас жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Ресей тарапы бүгін «Эдельвейс» дабылын қақты. Тұрғындар жертөлелерде жасырынып отыр. Көшеден атылған мылтық даусы естіледі. Бұдан бөлек, Бровничи – Сушаны жолының бойында дрон-камикадзе «Нива» автомобилін атқылаған. Нәтижесінде РФ армиясының екі офицері жан тапсырған», – делінген хабарламада.
Бұдан бұрын украин порталдары «Свобода России» легионы жауынгерлерінің шекараны бұзып-жарып кіргенінен үрейге бой алдырған Ресей армиясының сасқандарынан Белгород облысындағы өз қалаларын атқылағанын жазған болатын.
«Диалог.ua» сондай-ақ «Свобода России» еріктілер легионының Белгород түбінде РФ қарулы күштері роталарын жойып жібергендерін, ал ФСБ әскерлерінің қашып кеткендерін атап өткен еді.