Брянск облысында РФ солдаты қаруластарын кепілдікке алды
БРЯНСК. 2 сәуір. Ресей Федерациясының Брянск облысында мобилизациямен әскерге келген солдат өзінің командирлері мен жауынгерлерді кепілдік алып отыр. Бұл туралы ресейлік таблоидтардың ақпаратына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Оқиға Брянск облысының Плавна деревнясында болған. Baza телеграм-каналының баяндауынша, Самара облысынан келген 35 жастағы ер кісі өзінің туыстасы Украинадағы соғыста қаза тапқанын естігеннен кейін аласұрып, осындай ақтық қадамға барған.
The Moscow News порталының жазуынша, мобилизацияланған солдат жергілікті мәдениет үйінде үш офицер мен өзі сияқты тағы төрт-бес жауынгерді кепілдікке алған. Мұнда уақытша дислокация жасаған 44073-ші әскери бөлім орналасқан.
Жауынгердің қолында автомат пен бірнеше граната болды. Ол қажеттілік бола қалған жағдайда осыларды іске қосатынын айтып, қорқытып қойған. Соған қарамастан, ешқандай талап білдірмеген.
Шамасы, кепілдікке алынғандардың бірі экстернді қызметке қоңырау шалып үлгерсе керек, ауданда дереу «Заря» жоспары іске қосылды. Мәдениет үйі қоршауға алынды.
Нәтижесінде бүлікшіл солдат өзі беріліп, қолға түсті.