Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

РФ-ның оккупациялық армиясы Қырымнан асығыс көшіп жатыр

КИЕВ. 24 наурыз. Украина барлауы Ресейдің басқыншы армиясы бөлімшелерінің Қырым түбегінен шұғыл көшіріліп жатқанын баян етті. Бұл туралы украин ресурстасына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Эвакуция соңғы күндері едәуір қарқын ала бастаған.

Барлау басқармасы сондай-ақ Ресей командованиесінің түбектегі жылжымайтын мүліктерін белсенді түрде сатып жатқанын да мәлімдеді.

Қырымның жергілікті тұрғындары осы аптада радиодан оккупациялық әкімгершіліктің түбектен кетуге дайындала беру керек екенін есткерткен хабарламасын да бірнеше рет естіген. Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы ақпарды өзінің Telegram-каналында жариялады.

Украинаның әскери барлау басқармасы радиодан берілген ескертудің оккупациялық билікпен байланыстары болған жергілікті тұрғындарға арналып айтылып жатыр деп есептейді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button