Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футбол: Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан жеңіліп қалды

АСТАНА. 23 наурыз. Қазақстан құрамасы Еуропа-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің бірінші матчын бүгін өз алаңында Словениямен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Кездесудің бастапқы кезеңінде алаң иелері өздеріне едәуір сенімді ойнады. Олар шабуылға да жиі шығып тұрды. Арасында қонақтар да қауіпті қарсы шабуылдар ұйымдастырып жатты.

Ойынның бірінші голын да қазақстандықтар соқты. 24-минутта қапталдан алға шыққан Абат Айымбетов допты Вороговскийге асырды. Ал Ян өз кезегінде одан әрі қапталдап барып, меймандардың қақпа алаңына қарай доп жөнелтті. Оны Максим Самородов баспен ұрып, қақпаға дөп түсірді.

Өкінішке орай, бас жаттықтырушы Магомед Адиевтің шәкірттері осы басымдықтан екінші таймның басында айырылып қалды. Ойынның 47-минутында словендер бұрыштамадан берілген допты голға айналдыра білді. Оны Давид Брекало біздің Игорь Шацкий қорғаған дарбазаға баспен ұрып сүңгітіп жіберді.

Қазақстандықтар құрамында екінші таймда Бауыржан Исламхан, Бахтиер Зайнутдинов секілді футболшылар көрінді. Бірақ олар алаңдағы ойынды күшейтуге оншалықты көп үлес қоса алмады. Мұның есесіне, қонақтар 78-минутта тағы бір гол соғып, алға шығып кетті. Оны Жан Випотник салды.

Қазақстан құрамасы осылайша өзінің Еуропа чемпионатындағы іріктеу матчын ұтылыспен бастады.

Біздің жігіттер енді 26 наурыз күні Дания командасын өз алаңында қабылдайды.

 

Фото vesti.kz сайтынан алынды.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button