26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленьский жау атып тастаған тұтқын Мациевскийге Батыр атағын берді

13 Наурыз 2023 07:40
- Әлеумет, Жаңалықтар
Зеленьский жау атып тастаған тұтқын Мациевскийге Батыр атағын берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 13 наурыз. Президент Володимир Зеленьский ресейлік оккупанттар тұтқынында болып, «Украина жасасын!» деп қаза тапқан Олександр Мациевскийге Украина батыры атағын берді. Бұл туралы «Украинская правдаға» жүгінген rast.kz хабарлайды.

Басқыншылар армиясында тұтқында болған өжет украин солдатының соңғы сөзі «Украина жасасын!» болды. Соны айтқан бойында орктар автоматтан оқ жаудырып, оны сөзін аяқтатпастан, окоп ішінде өлтіріп тастады.

Украина президенді кеше кешкілік жасаған күнделікті видеоүндеуінде батырға өзіне лайықты Қаһарман атағы берілгенін мәлімдеді.

«Мен бүгін Олександр Мациевскийге Украинаның батыры атағын бердім. Ол адам – барлық украиндар есімін білуге тиісті солдат. Мәңгі есте сақталатын адам. Оның батылдығы үшін, Украинаның ертеңіне сенгендігі үшін – оның өлер алдында жауға айтқан «Украина жасасын!» деген сөзі үшін», – деді Володимир Зеленьский.

Өткен жексенбі күні Украина қауіпсіздік қызметі соңғы сөзі «Украина жасасын!» болған боздақтың Чернигов облысы территориялық қорғанысы бөлімі 119-шы жеке бригадасы қарауындағы 163-ші батальонның мергені Олександр Мациевский болғанын түбегейлі анықтады.

Бұған дейін, 6 наурыз күні ресейлік оккупанттар қолына түсіп қалған украин жауынгерінің атылып жатқаны жайлы видео әлеуметтік желілерге тарады. Алғашқы күндері оның аты-жөні Тимофей Шадура екен деген де сөз тарады. Бірақ артынан олай емес екені анықталды. Бұдан екі күн бұрын алғаш рет Олександр Мациевскийдің аты аталды. Ал кеше қауіпсіздік қызметі мұны нақтылап берді. Осы күні кешке ержүрек жауынгерге Украина қаһарманы жоғары атағы берілді.

Бұдан алдын біз Олександр Мациевскийдің 1980 жылы өмірге келгенін хабарлаған болатынбыз.

Мұндай жүрекжұтқан жауынгерлері көп украин халқы бұл соғыста әсте жеңілуге тиіс емес.

Ал Батырды атып тастаған орк оккупанттары әлі алда Гаага сотының алдында жауап береді. Украина прокуратурасы қарусыз тұтқынды себепсізден себепсіз атып тастаған басқыншы жаудың үстінен қылмыстық іс қозғады. Әлі бұлардың да кімдер екенін анықталатын болады.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: батырОлександр МациевскийУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist