70-ші жылдардың секс-символы болған актриса өмірден өтті
НЬЮ-ЙОРК. 18 ақпан. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан cекс-символ атанған америкалық актриса Ракель Уэлч 83-ке қараған жасында дүниеден өтті. Бұл туралы delfi.lv хабарлады.
Ракель Уэлч 1940 жылы 5 қыркүйекте Чикаго қаласында ағылшын әке мен боливиялық ананың отбасында туған.
Ол өз заманындағы ең сұлу актрисалардың бірі болды.
Марқұм 15 ақпан күні жан тапсырыпты.
TMZ актрисаның отбасына сілтеме жасап хабарлағандай, ол ұзаққа созылған кеселден кейін қайтыс болған. Бірақ қандай науқас екені айтылмайды.
Ракель Уэлч қатысқан біраз фильмдер біздің оқырмандарымызға да белгілі. Ол көрермен жұртшылыққа 1966 жылы «Фантастикалық саяхат» және «Біздің дәуірімізге дейінгі миллион жыл» картиналары прокатка шыққаннан кейін алғаш рет кеңінен танылды.
Әр жылдары кино түсіру алаңында Уэлчтің әріптестері Фрэнк Синатра, Дин Мартин және Жан-Поль Бельмондо секілді белгілі өнер жұлдыздары болды. Актрисаны өте жоғары табысқа жеткізген ленталар арасында «Тілектермен теңгерілген» және «Үш ноян» фильмдері алдымен аталады. Бірақ 70-ші жылдардың екінші жартысынан бастап оның экраннан көрінуі азая берді, көбіне эпизодтық рөлдерде ойнады.
Сонымен бір мезгілде Уэлч бизнес әлеміне бет бұрып, айтарлықтай табыстарға жетті. Ол косметика шығарумен шұғылданды.
Дегенмен, Playboy журналы Уэлчті ХХ ғасырдың ең сексуалды жұлдыздары легінде үшінші орынға қойды.