ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Шораевтың Лукашенкоға жауабы: Қазақстан диктаторлар ұйымынан шығуы керек

АСТАНА. 16 ақпан. Кеше белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев ҰҚКҰ елдері соғыстан шет қалмайтынын айтқан Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жауап қайтарды. Бұл туралы «Орда.kz» хабарлады.

Белорус «батькосы» Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімшарт Ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі кезінде аталмыш одақтың Украинадағы соғыстан қашып, бір шетте бұғып, ақырын күтіп, қатысусыз қалып қоя алмайтынын сөздің арқауы еткен еді.

Ол ұйымға мүше елдердің алдында жаңа «міндеттер» тұрғанын айтты.

Лукашенконың, әлбетте, мұның бәрін РФ президенті Владимир Путинмен келісіп алмай, соның нұсқауынсыз айта алмайтыны бесенеден белгілі.

Сондықтан ол ұшырасу барысында: «Егер кімде-кім Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс біздің қақтығыс емес, бұған біз араласпаймыз деп ойласа, ол ойынан ешнәрсе шықпайды. Белгілі бір ұстанымды қабылдайтын уақыт келеді. Мен ұлттық мүддеге немесе т.б. зиян келеді деп айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің барлық кемшіліктерімізбен бірге әрекет ету үшін біз өз саясатымызды, бағытымызды нақты анықтауымыз керек. Біз бірге болсақ, барлығы оңай әрі ұтымдырақ болады», – деп еркін сөйлеп, өзінше көсемсіді.

Бұл мәлімдеме Ұйым елдері мүшелері халықтары арасында кеңінен талқыланып кетті. Қазақстандық белсенді қоғам қайраткері, танымал журналист Арман Шораев бұған алдыңғылардың бірі болып қатқыл жауап қайтарды.

«Біздің еліміздің бұл ұйымнан шығудан басқа амалы қалмады деп ойлаймын. ҰҚШҰ – диктаторлар клубы. Лукашенко Ресейдің тас-талқан болып жеңілетінін, кейін Путин екеуінің сот залында отыратынын түсінеді. Осылайша, ҰҚКҰ хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке бұл жағдайда Қазақстанның қалай әрекет етуін түсіндіргісі келеді. Тыңда, Лукашенко, ҰҚКҰ ұйымы алдағы 2 жылда тарап кетеді. ҰҚКҰ құрамында аймақ мәселесіне қатысты қақтығысқан елдер бар. Қырғызстан мен Тәжікстанды мысалға келтіруге болады. Армения мен Әзербайжан арасындағы таласта ҰҚКҰ қайда болды? Ештеңе істей алмады. Путин тығылып қалды. Лукашенко, Путин, бірде-бір қазақ баласы сендер үшін қан төгуге бармайды. Лукашенко, Путлер-Гитлер үшін өз балаңды ертіп алып соғысқа бар, қазақтарға тиіспе. Қазақтар соғысқан жағдайда Украинаға болысады», – деді Шораев өзінің сөзінде.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button