ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей қызметкерлерінің жартысына жуығы шетелдерге кеткілері келеді

МӘСКЕУ. 13 желтоқсан. Ресейде еңбек ететін жастағы тұрғындардың 40 пайызға жуығы мұғажырлыққа ниеті ауып жүргендерін білдірді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Ресейдің еңбекке жарамды жастағы азаматтарының 37 пайызы эмиграцияға кетіп, шетелге көшкілері келеді», – деп мәлімдеді сауалнама жүргізген HeadHunter сервисінің мамандары.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің 43 пайызы елдің ішінде тұрғылықты жерлерін ауыстырып, басқа өңір мен қалаға барғылары келетіндерін байқатты. Сұрау салынғандардың 29 пайызы ғана ештеңені өзгерткілері келмейтіндерін жеткізді. Ал 10 пайызы басқа жаққа көшіп бара жатқандарын баяндады.

Мұғажырлыққа кетуге құштар адамдардың үлес салмағы Мәскеу мен Санкт-Петербургте бәрінен көп болып шықты (45%). Шетелге кеткілері келетіндердің 39 пайызын ерлер, 34 пайызын әйелдер құрайды. Релокацияға ынталы лектің арасында менеджерлердің жоғарғы топтары (56%), маркетинг пен жарнаманың мамандары (52%) және айтишниктер (47%) бәрінен көп. Ресейден кетуді қалайтындар саны көлік және логистика саласында қызмет ететіндер (27%), бухгалтерлер мен заңгерлер (по 26%), HR-менеджерлер (25%) арасында бәрінен аз.

Шетелдерге кетуді армандайтын ресейліктердің 64 пайызы Еуропа одағы елдеріне, 43 пайызы АҚШ пен Канадаға, 40 пайызы Азия елдеріне барып тұрғылары келеді. Ал әрбір үшінші ресейлік қызметкер (33%) ТМД елдеріне, 22 пайызы Біріккен Араб Әмірлігіне немесе Сауд Арабиясына кетуге дайын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button