Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Америкалық актер Жан-Клод Ван Дамм Украинаның Ужгородына келді

КИЕВ. 10 желтоқсан. Америкалық танымал актер Жан-Клод Ван Дамм Украинаның батысындағы Ужгород қаласына келіп, клиниканы аралап көрді. Бұл туралы «Страна.ua» телеграм-каналы хабарлады.

Бірақ Жан-Клод Ван Дамның келгені жайлы ешқандай ресми ақпар болған жоқ.

Актердің украин клиникасына келіп, аралап жүргенін осы жерде түсірілген рәсімдерден ғана көруге болады. Оның Ужгородтағы облыстық нейрохирургия және неврология клиникалық орталығының дәрігері Михаил Ершовпен бірге түскен суреті бүгін әлеуметтік желілерде тарай бастады.

«Атақты актердің клиникаға не себепті келгенін ондағылар жақсы білсе де, сыртқа бәрін ашып айтып беріп отырған жоқ», – делінген хабарламада.

Украинаның «Телевизиялық жаңалықтар қызметінің» мағлұматы бойынша, Голливуд актері мұндағы өзінің белгілі бір денсаулық жағдайына байланысты проблемалармен келген сияқты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button