18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Соловьев аузынан улы жынын оңды-солды шашып келеді» (видео)

Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей мемлекеттік арнасының белгілі бағдарламасы жайлы

24 Қараша 2022 18:54
- Жаңалықтар, Қоғам
«Соловьев аузынан улы жынын оңды-солды шашып келеді» (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 қараша. Қазақстан Парламенті сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік Владимир Соловьевтің бағдарлармасында Қазақстан тарапына айтылған қоқан-лоқыға орай өз ойын білдірді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

«Соловьев баяғыдан бері көптеген елдерде нон грата тұлғаға айналған және қазір мүмкін болған санкциялар қара тізімдерінің бәрінің көшін бастап келеді, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед 23 қараша күні. – Ол ызалы кекпен жұрттың бәріне жаппай тап беріп, аузынан улы сілекейін шашады да отырады».

Депутат Соловьевтің бұдан бұрын ресейлік «Россия 1» мемлекеттік арнасының эфирінен америкалық биологиялық зертхана орналасқан-мыс деген желеуді алға тартып, Алматыға соққы беруді ұсынғанын еске түсіре кетті. Құл-Мұхаммедтің пайымынша, мұндай жанжалды мәлімдемелерді Соловьевтің өзі жасап, оларға өз бағдарламасының қонақтарын арандатып салып отырады. Сенатор өз сөзінде Соловьевтің бағдарламасына шақырылған Кремль сарапшысы Дмитрий Дробницкий айтқан Ресейдің Украинадан кейінгі «келесі проблемасы» Қазақстан болуы мүмкін екені, өйткені, мұнда да «нацистік үдерістердің» басталып кетуі ықтимал екені жайындағы мәлімдемеге де тоқталды. Ол ресейлік сарапшы сөзінде Қазақтан мәнзіліне «тікелей қоқан-лоқы көрсету» бар екенін атап өтті.

«Татымсыз сарапшы-фантаст Дробницкийдің, – ол Жуков болып та аталады, – пікіріне назар аудармауға да болар еді, егер бұл сөз бізбен бір Еуразия экономикалық одағы мен ҰҚКҰ-да есепте тұратын өзімізге достық сыңайдағы елдің мемлекеттік арнасынан айтылмаған болса. Ресей саясаткерлерінің мұндай белгілі бір мақсаттарды көздейтін жаулық әрекеттері Соловьев шоуының баяғыдан бері жүйелі сипаты болып келеді, олай болса, бұл Ресейдің федералды билігі тарапынан, сөз жоқ, өзінің лайықты бағасын алуға тиіс. Қазақстан 30 жылдан астам уақыттан бері тәуеліз мемлекет болып табылады. Енді Соловьев пен оның осындай саясатшысымақтары көзге көрініп тұрған ақиқатты түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренулері керек», – деп түйіндеді Мұхтар Абрарұлы.

Осы күні Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко да Соловьев бағдарламасында қозғалған ойларға қатысты түсіндірме жасады. «Біз мұны, біріншіден, Ресей Федерациясының ресми позициясы деп есептемейміз, екіншіден, бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа залал келтіреді, үшіншіден, мұндай мәлімдеменің федералды арналардың бірінде айтылуы Ресей Федерациясының билігі тарапынан өзінің тиісті реакциясын алуға тиіс», – деді ол.

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, Соловьевтің бағдарламасында айтылған мәлімдемелер Кремльдің позициясын білдірмейтінін айтып қана құтылды.

Таңбалар: Мұхтар Құл-МұхаммеднасихатшыСоловьев

Ұқсас мақалалар

АЛАШ ПЕН ЖАПОН АРАСЫ
Таным

АЛАШ ПЕН ЖАПОН АРАСЫ

29.05.2026
Соловьевтің сойқанына Арменияға тарапы жауап беріп жатыр
Жаңалықтар

Соловьевтің сойқанына Арменияға тарапы жауап беріп жатыр

12.01.2026
Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды
Жаңалықтар

Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды

24.11.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist