Херсон жерін азат ету ақырындап болса да ілгері жылжып келе жатыр
КИЕВ. 31 қазан. Украина Қарулы күштері Херсон облысы жерінен оккупанттарды ақырындап болса да ығыстырып шығара бастады. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Оңтүстік Қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Наталья Гуменюк өткен тәулікте украин әскерлерінің Херсон жерінде 2-5 шақырым шамасында ілгері жылжығанын мәлімдеді. Ол өзінің сөзінде мұнда Харьков облысына қарағанда, жауды қуып шығудың неге тосқауылға көбірек тап болып жатқанын айтты.
Наталья Гуменюк 30 қазан күні Freedom телеарнасында сөйлеген сөзінде қыркүйек айында Харьков облысында орын алған жылдамдықтың мұндай қайталана қоймауының үш себебі барын алға тартты. Олардың арасында әскер жылжитын жердің ашық жазық болып келетін өзіндік рельефі, оккупациялық армияның қорғаныс жүйесіндегі белгілі бір айырмашылықтары, яғни бірнеше қабат қорғаныс шептерін құрып тастауы, өңірдегі шайқасқа екі жақтың да айрықша көңіл бөліп, күш салуы секілді себептер бар.
Расында РФ оккупантттары үшін Херсон жерінің тактикалық тұрғыда да өзіндік ерекшеліктері айтылуда. Біріншіден, бұл жерден Қырымға су беріледі, екіншіден, Украинаны Қара теңізден бөліп тастауға қатты күш салып жатыр.
Қазір Херсон жерінде кескілескен күрес жүруде. Антон көпіріне қайта-қайта снаряд түсіп жатқаны да белгілі болды.
Украин әскерлері Харьков бағытында бір тікұшақты атып түсірді.
Ресейдің Белгород облысында тағы да снарядтардың жарылып жатқаны анықталды.