Қауіпсіздік қызметі Украина Еңбек ерін сатқын деген күдікпен ұстады
КИЕВ. 23 қазан. Украина қауіпсіздік қызметі елдің Еңбек ері атанған тұлғасын Ресейдің тыңшысы деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы The Insider хабарлады.
«Украина қауіпсіздік қызметі «Мотор Сич» АҚ президенті, тікұшақ техникасын жасау және жаңғырту жөніндегі бас конструктор Вячеслав Богуслаевты ұстады. Мұны украин БАҚ-тары, сосын арнайы қызметтің өзі растады. Онымен бірге «Мотор Сичтің» сыртқы экономикалық іс-әрекет департаментінің басшысы да ұсталды», – делінген хабарламада.
Богуслаевқа Ресеймен ынтымақтаста жұмыс істеді, атап айтқанда, «Мотор Сич» зауытынан Ресейдің штурмдық авиациясының мұқтажы болып саналатын тауарларды жеткізіп беріп тұрды деген күдік таңылып отыр. Тергеудің пайымынша, тұтқынға алынғандар РФ Қарулы күштеріне қару-жарақ дайындайтын басты өндірісшілердің бірі – ресейлік «Ростех» корпорациясының өкілдерімен бір ымырада жұмыс жасасқан. Қауіпсіздік қызметі күдіктілер РФ-ның екпінді тікұшақтарында пайдаланылатын украин авиадвигательдерінің көтерме партияларын Ресейге үшінші ел арқылы жеткізіп тұрған деп есептейді.
«Мотор Сич» зауыты – әлемдегі ұшақтар мен тікұшақтар үшін газ тұрбалы двигательдер шығаратын жетекші кәсіпорындардың бірі. Ол 2014 жылға дейін Ресей тікұшақтары мен «Ан» маркалы ұшақтары үшін, сондай-ақ өндірістік газ тұрбалы қондырғылар үшін двигательдер дайындап келген.
Вячеслав Богуслаев – Украинаның Еңбек ері, елдері ең бай адамдардың бірі. «Мотор Сич» ондаған жылдардан бері оның бақылауынлла келеді, ол кеңес заманында-ақ зауытты басқару тізгінін қолға ұстаған. Кезінде Богуслаев Украинаның соңғы «қызыл директоры» атанған. Ол Запорожьедегі ең танымал және ықпалды саясаткерлердің бірі болып табылады, үш рет «Өңірлер партиясы» атынан Жоғарғы Радаға депутат болып сайланған, ал 2014 жылы өзін өзі ұсынып өткен.