Жаңалықтар жаңғырығы

Украина Қарулы күштері жауды Купянск қаласынан қуып шықты

КИЕВ. 10 қыркүйек. Украина Қарулы күштері бүгін Харьков облысында Купянск қаласын Ресей оккупанттарынан азат етті. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Қала облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан. Украина әскерлері мұның алдында соның солтүстік-батыс жағындағы Шевченково қаласын босатқан еді.

Харьков облыстық кеңесі төрағасының кеңесшісі Наталья Попова осы жайында Telegram-да жазған жазбасында: «Купянск дегеніміз – бұл Украина! Украина Қарулы күштері жасасын!» деп атап көрсетті.

Қазіргі сағаттарда Изюм үшін шайқас жүріп жатыр. Оның да азат етілетін шағы қашық емес.

«Украинская правда» сондай-ақ өткен тәулік ішінде басқыншылардың 350 сарбазы жер жастанып, 14 танкісі мен 22 артиллериялық жүйесінің қиратылғанын баяндады.

Тәулік ішінде Луганск облысында Украина авиациясы жердегі қарулы күштерге қолдау көрсету мақсатында ресейліктердің шоғырланған жерлері мен тірек бекеттеріне 33 соққы берді. Облыс әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдайдың мәлімдеуінше, 25-ке жуық тірек бекеті мен ресейліктер жиналған жерлерге соққы беріліп, қару-жарақ қоймалары жойылған.

«Луганскіге 202 полк кетті, жартысы – тұтқында», – деді Бакалеядан қашып шыққан бір оккупант.

Осының алдында Бакалеяда 3 мың ресейлік жауынгер оққа ұшты.

Үш күннің ішінде украин сарбаздары жаудың құны 157,5 млн доллар тұратын әуе нысаналарын жойып жіберді.

Бүгін оккупациядағы Херсон жерінде жалпы саны 1300 кадыровшы шешен содырлары келді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button