Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украинаның Тәуелсіздігі күні 150 оккупант жер жастанды

КИЕВ. 25 тамыз. Кеше болып өткен Украинаның Тәуелсіздігі күні ресейлік 150 басқыншының жандары жәһаннамға ұшырылды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Осы күні сондай РФ оккупанттары Днепр қаласының түбіін атқылап, 25 адамның қазасына себеп болды.

Ал жалпы есеп бойынша, 24 ақпаннан 25 тамызға дейінгі аралықта Ресей оккупациялық армиясының шамамен 45 мың 850 солдаты украин жерінде өз ажалдарын қарсы алды. Мұны Украина Қарулы күштерінің бас штабы Facebook-та жариялады.

Оккупанттар бұлардан бөлек тағы мынадай шығындарға ұшырады:

Танктер – 1929 (+5) бірлік;

Бронды соғыс машиналары – 4245 (+2);

Артиллериялық жүйе – 1037 (+1);

РСЗО – 272 (+6),

ПВО құралы – 148 (+1),

Ұшақтар – 234;

Тікұшақтар – 202 (+3);

БПЛА – 828 (+9);

Қанатты зымырандар – 196,

Катер/кемелер – 15;

Автомобильдер мен автоцистерналар – 3160;

Арнайы техникалар – 99.

«Жау мейлінше көп шығынға Донецк бағытында ұшырады. Мәліметтер тексеріліп жатыр. Соқ оккупанттарды! Біз бірге жеңіске жетеміз. Біздің күшіміз – бірлікте!» – дегенді қосты Бас штабтағылар.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button