Путин «денсаулығы нашарлауына» орай кездесулерге қатыспайды
МӘСКЕУ. 22 тамыз. Ресей президенті Владимир Путин денсаулығы «күрт нашарлап» кетуіне байланысты енді «кездесулерге келе бермейді». Бұл туралы Dayli Mirror хабарлады.
Инсайдерлердің мәлімдеулеріне қарағанда, Владимир Путин денсаулығына қатысты туған проблемалар салдарынан Украинаның бірқатар облыстарын қайтарып беру мүмкіндігін қарайтын кездесулерге қатыса алмайды.
Шыны керек, Ресей президентінің денсаулығы соңғы бірнеше айдан бері осындай спекуляциялардың арқауы болып жүр. Оның кейбір іс-шараларға тұрпаттасын жіберетіні жайлы да айтылып қалады.
«Тиран өзінің Украинадағы соғысы жоспарлағандай болып жүріп жатпағасын, оның ядролық қаруды қолдануы мен жеңілгенін мойындауы арасындағы пікірталас та өршіп тұр», – делінген хабарламада.
Инсайдерлер Путиннің бұрын сөз болып жүрген обыр індетіне енді Паркинсон ауруы қосылғанын айтады.
Ресей президентінің өз әскерлері басып алған украин жерінің бір бөлігін қайтарып бергісі келетіні де осы кезде жиі қозғалып жүр.