Жоғарғы сот Сейтқазы және Әсет Матаевтарды толық ақтады
АСТАНА. 19 шілде. Қазақстан Жоғарғы соты қазақстандық белгілі әкелі-балалы журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтарды толық ақтады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Жоғарғы сот өзінің сейсенбі күнгі отырысында Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімнің күшін жойды. Өз шешімін оқыған судья Матаевтардың оңалтылғанын және ақталғанын түсіндірді, сонымен қатар олар қылмыстық процесті жүргізген органдардың әрекетінен келтірілген шығынды өндіріп ала алады.
Еске сала кетейік, Сейтқазы және Әсет Матаевтарды 2016 жылы сот арқылы жаза алған еді. Қарсы әрекет жасаушылар осы қылмыстық қудалау кезінде ҚазТАГ агенттігінің ғимаратын тартып алмақшы да болды. Бірақ Матаевтардың кінәсі Қазақстанда да, шетелде де саяси астары бар деп танылды, айыптаудың бірде-бір тармағы дәлелденбеді, сонда да Қазақстан соты айыптау үкімін шығарды. Ал Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде бірі әлі күнге дейін жазаға тартылған жоқ.
2022 жылы 5 шілдеде адвокат Жохар Өтебеков Бас прокуратураның Матаевтарға қатысты әділетсіз шығарылған үкімге қарсылық енгізгенін хабарлады. 6 шілдеде жағдайға түсінік берген қорғаушы Матаевтарға қатысты істің қайта қаралуын қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруімен байланыстырды.
Ал 8 шілдеде Сенат пен Мәжілістің бірқатар депутаттары тиісті арызға қол қоя отырып, Матаевтардың толық ақталуына үмітті екендері белгілі болды. 9 шілдеде Қазақстандағы медиа саласының өкілдері әділетсіз жүргізілген қылмыстық іс бойынша Матаевтардың толықтай ақталуы мүмкін екені туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.