Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Петербургтегі сөзінен кейін Тоқаевтың әлемдегі беделі өсе түсті – Есдәулет

КРАЙОВА. 19 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумында сөйлеген сөзінен кейін жаһан жүзінде даңқы арта түсті. Бұл туралы әлеуметтік желідегі дерекке сүйенген rast.kz хабарлады.

Қазіргі күндері Румынияның Крайова қаласында Әлем поэзия фестиваліне қатысып жатқан Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет Facebook әлеуметтік желісінде осы жайында жазды.

«Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Саңқт-Петербордағы тарихи сөзінен кейін күллі дүние дидарында біздің еліміздің абыройы бірден өрлеп жүре берді. Крайовада бас қосқан әлем ақындары бір-бірлеп келіп, қазақ мемлекетіне, халқына, оның қазіргі Президентіне ерекше құрметпен қарайтындарын қатар жүрген маған қалайда сездіріп қалып жатыр», – деп баяндады Ұлықбек Есдәулет.

Оның айтуынша, Әлем поэзия фестивалінің негізгі құрылтайшыларының бірі, румын олигархы Кристи Берчиану өз мейрамханасында жайған кешкі дастарханы үстінде  қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулетпен арнайы суретке түскісі келетінін мәлімдеген. Осыны айтөан ол ұялы телефонын Қазақстан дипломаты Нұрлан Әбдәлиевтің қолына ұстатқан.

«Қасымызда үшінші тұрған молдовалық профессор, румын тілінің маманы, баспагер Александру Борчон зайыбы Ана екеуі Бейсенгүл екеумізбен отбасылық дос боламыз деп жатыр», – деп жазды Ұлықбек Есдәулет бұдан әрі.

Сол сияқты Америкада тұратын колумбиялық ақын Беласкес Торрес Қазақстан Жазушылар одағы басшысын Нью-Йоркте өтетін ендігі фестивальге қуана шақырған.

«Ал Нью-Джерсиден келген Америка ақыны Вильям Волак мені қуалап жүріп қайта-қайта суретке түсіріп, кітабын жазып, сыйлап, «Қазақстанға шақырсаң бірден жетіп келемін, еліңді көргім келеді» деп таңертеңнен айтып қойған», – дейді келесі кезекте қазақ ақыны.

Бұлардан басқа, косоволық арнауыт (албан) ақыны Жетон Келменди, оңтүстікафрикалық ақын, Леопольд Сенгор қорының президенті Шейх Гайе, академик Миле Микуновик, париждік түрік ақыны Атауыл Бехрамоғлы және басқа жаңа таныстар қаазақстандық ақынға деген ықыластарының бірден күрт артып кеткенін байқатқан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button