Жаңалықтар жаңғырығы
Ағылшын тілі Украинада айрықша мәртебе алатын болады
КИЕВ. 7 маусым. Ағылшын тілі Украинада айрықша статусқа ие болуы мүмкін. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина премьер-министрі Денис Шмигаль осы жайында Telegram-да жазды. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік Үкіметтің отырысында арнайы қаралған.
«Қазіргі уақытта Министрлер кабинеті осы бастамаға сәйкес тиісті заңнаманы дайындап жатыр. Ағылшын тілі бүгінде бүкіл өркениет әлемінің іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қолданылып келеді, сондықтан оған осынлай статус беру Украинаа бизнестің дамуына, елге инвестиция тарту мен интеграциясының күшеюіне серпін береді», – деді ол.
Осыған байланысты профилді министрліктерге ұсыныстар беріп, тиісті құжаттарды даярлау тапсырылған.