Ресей Калининградтағы Литван қауымы мүшелерін соғысқа алуда
ВИЛЬНЮС. 22 мамыр. Ресей билігі Калининградтағы Литван қауымының жас мүшелерін әскерге алып, еріксіз соғысқа айдап жатыр. Бұл туралы Литваның Delfi.lt порталы хабарлады.
Калининград облысында бірнеше ондаған мың адамнан тұратын литван қауымдастығы бар.
«Осы бірнеше мың адам литван тілінде сөйлей алады, алайда, олардың арасында тілек білдірушілер болса да, ешбірі Литваға қайтып келе алмайды», – деп атап өтті Info TV.
Калининград облысы литван қауымдастығының төрағасы Сигитас Шамборскис осы қауымның арасынан Украиндағы соғысқа жіберіліп жатқандар аз емес екенін айтты. Олардығ араларында ұрыс даласынан қайтпай қалғандар да кездеседі.
«Путиннің екінші мерзімге президент болып сайланғанынан бері бізді кейбір қуғындаулар басталып кетті», – деді қауымдастық басшысы.
Шамборскис бұған дейін Литваға саяси қуғынға түскендер мен сотталғандардың, сондай-ақ олардың отбасыларының біразы кетіп үлгергенін атап өтті.