Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Зеленский: Таяуда Украинада екі Жеңіс күні болады

КИЕВ. 9 мамыр. Украина президенті Владимир Зеленский жақын аралықта бізде екі Жеңіс күні болады, ал әлдекімдерде мұның біреуі де болмайды деді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Ол украиналықтарды Нацизмді жеңген күн ретінде 9 мамырмен құттықтау барысында осындай тұжырым білдірді.

«Бұл соғыс екі армия арасындағы ғана шайқас емес. Бұл – екі көзқарас арасындағы соғыс. Сковорода музейін артиллериямен атқылай отырып, өз ракеталары біздің философияны жойып жіберетініне сенетін жабайылармен соғыс бұл…

Біз өз балаларымыздың бостандығы үшін соғысып жатырмыз, демек, біз жеңеміз. Біз сегіз миллионнан астам украиналық қаза тапқан Екінші дүниежүзілік соғыста өз бабаларымыздың не істегенін ешқашан ұмытпаймыз.

Енді жақында Украинада екі бірдей Жеңіс күні болады. Ал әлдекімдерге соның біреуі де қалмайды.

Біз сонда жеңгенбіз. Қазір де жеңеміз. Крещатик жеңіс парадын – Украинаның жеңісін көретін болады!», – деді Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеуінде.

Украина президенті Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция құрамында соғысқан Украинаға ешкім де ештеңені аннексия жасай алмайтынын атап өтті.

«Біздің жау алдындағы артықшылығымыз неде? Біз олардан бір кітапқа ақылдымыз. Ол – Украина тарихының оқулығы.

Егер біздің жауларымыз дұрыс оқи алып, одан дұрыс қорытынды шығара алатын болса, біз қайғы дегеннің не екенін білмеген болар едік. 24 ақпанда Ресей шабуылын бастады. Сол тырманы қайта басты. Біздің жерімізге келген басқыншының әрбірінің аяғы тырманы басып қалып жатыр.

Біз талай соғысты бастан кештік. Бірақ бәрінің финалы біреу ғана болды. Біздің жерімізге оқ пен снаряд жаудырған жаудың біреуі де мұнда тамырын жайып қала алмады. Біздің азаттық сүйгіш рухымызды шынжырлап тастайтын кісен жоқ», – деді Зеленский сосын.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен Жеңіс парадында соғысты «бірден-бір дұрыс шешім болды» деп атап, Ресейдің НАТО тарапынан болғалы тұрған «агрессияның алдын алатын соққы беру үшін» Украина жеріне басып кіргенін мәлімдеді, бірақ соғысқа мобилизация жариялаған жоқ.

Ол сондай-ақ Россия армиясының Украинада «өз жерінде» жүргенін айтты.

 

В оригинале:

 

Зеленский: Скоро у Украины будет два Дня Победы, а у кого – ни одного

Президент Владимир Зеленский 9 мая поздравил украинцев с Днем победы над нацизмом.

Источник: видеообращение Зеленского

Прямая речь Зеленского: «Это война не двух армий. Это война двух мировоззрений. Варваров, которые обстреливают музей Сковороды и верят, что их ракетами можно уничтожить нашу философию…

Мы боремся за свободу для своих детей, а значит, победим. Мы никогда не забудем то, что сделали наши предки во Второй мировой войне, в которой погибли более восьми миллионов украинцев.

И совсем скоро в Украине будет два Дня Победы. А у кого-то не останется ни одного.

Победили тогда. Победим и сейчас. И Крещатик увидит парад победы – победы Украины!»

Детали: Зеленский подчеркнул, что никто не может аннексировать у Украины победу во Второй мировой войне, которая в составе антигитлеровской коалиции воевала с нацизмом.

Прямая речь Зеленского: «В чем наше преимущество над врагом? Мы умнее на одну книгу. Это – учебник по истории Украины.

Мы бы не знали горя, если бы все наши враги умели читать и делать правильные выводы. 24 февраля Россия начала наступление. Наступление на те же грабли. На них наступает нога каждого оккупанта, который приходит на нашу землю.

Мы пережили разные войны. Но у всех был один финал. Нашу землю засевали пули и снаряды, но ни один враг не смог пустить корни. Нет оков, которые смогут сковать наш свободный дух».

А президент России Владимир Путин на параде ко Дню победы в Москве назвал войну «единственно правильным решением» и заявил, что Россия «дала упреждающий отпор агрессии» со стороны НАТО, когда вторглась в Украину, а мобилизацию на войну не объявил.

Он также заявил, что российская армия в Украине воюет на «своей земле».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button