РФ енді Украинаны түгелдей басып алмақшы болып отыр
КИЕВ. 2 мамыр. Ресей өзінің барлық ресурстарын Украинаны түгел басып алуға жұмсауға шешім етті. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Сондықтан қазір ресейліктер украин территориясына жаңа соққылар беру үшін ракеталарын осылай қарай тасып жеткізуде», – делінген хабарламада.
ТСН телеарнасында сөйлеген сөзінде әскери тарихшы Михаил Жироховтың пікірінше, Путин енді бүкіл Украинаны басып алуға бар күшін сарқа жұмсайды.
«Оларда ракета көп. Батыс сарапшылары Ресейдің зымырандары таусылып келе жатқанын айтқанда, НАТО-ға шабуыл жасау үшін қалдырған запасын ескермеген еді. Бірақ ресейліктер енді сол сақтап қойғандарының бәрін шығарып, Украинаны тұтасымен ба сып алуға шешім қабылдады. Ал батыс сарапшыларының соғыстың басында айтқан болжамдары оншалықты шындыққа жанаспады, Ресейде әлі ракета көп», – деді ол.
«Қазір Ресей Украинаны толық жаулап алу үшін солтүстіктен, Сібірден, тіпті қайдан болсын, – Қытаймен, Жапониямен шекарадан, басқа да елдерден бар ракеталарын, тасып әкеп жатыр», – деді Жирохов.
Тарихшы бұдан бөлек, 2 миллион әскери қызметкерден тұратын Ресей армиясы солдаттарының «Украинада пайдаланылғандары көп емес» екенін, әлі резервтегілердің қаптап тұрғандарын, солардцы салса, басымдық алып кететінін ескертіп өтті.
Мұның есесіне, Украинаға шетелдерден келетін қару-жарақтар саны барған сайын артып келеді. Тек Польшаның өзі бұрнағы күні 200 танк берді. Рас, олардың бәрі кеңестік Т-72 маркалы соғыс машиналары. Бірақ АҚШ-тың «Абрамс», Германияның «Леопард» маркалы осы заманғы мықты танкілері келетін кез де қашық емес.
Сарапшылар осыған орай Донбастан өріс алатын ендігі соғыстың бұрын-соңды болмаған кең көлемде жүретінін айтып отыр.