КИЕВ. 20 сәуір. Украинаға одақтас елдерден истребительдер мен олардың босалқы бөлшектері түріндегі әскери көмек келіп жетті. Бұл туралы CNN хабарлады.
Ұшақтарды АҚШ-тан басқа одақтас елдер жіберді. Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби осыларды айта келіп, одақтас елдер қатарында кімдер бар екеніне тоқтала қоймады.
«Мен мұның жай-жапсарын түгел айтып шығудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы, Украина өзінің флоты мен соғыс ұшақтары паркін нығайтуына мүмкіндік беретін қосымша техникаларды алды. Бұл жолы оған АҚШ қатысқан жоқ», – деді ол.
Еске сала кетейік, Құрама Штаттар бұдан бұрын бірінші рет Киевке 11 Ми-17 тікұшағын, 18 155-мм Howitzer пушкасы мен 300 Switchblade дронын берген еді.
USD




