АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Украина әскерлері кеше жаудың 13 әуе нысанасын жойды

КИЕВ. 10 сәуір. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте оккупанттардың 13 әуе нысанасын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Украин әскерлері 9 сәуірде жаудың 4 қанатты ракетасын атып түсірді», – делінген хабарламада.

Украина Қарулы күштері Әуе қорғанысы Facebook желісіндегі парақшасында бұл уақытта Ресейдің 3 ұшағы, 1 тікұшағы, 5 БПЛА-сы және 4 қанатты ракетасы атып түсірілгенін атап көрсетті.

Жалпы, осы күнге дейін РФ басқыншылары мұншалықты шығынға ұшырап отыр:

  • жеке құрам – 19 300-ке жуық;
  • танкілер ‒ 722 бірлік;
  • жауынгерлік бронды машиналар ‒ 1911;
  • артиллериялық жүйелер – 342;
  • РСЗО – 108;
  • ПВО құралы – 55;
  • ұшақтар – 152;
  • тікұшақтар – 137;
  • автомобиль техникасы – 1384;
  • кемелер / катерлер – 7;
  • ЖЖМ цистерналары – 76;
  • жедел техникалық деңгейдегі БПЛА – 112;
  • арнайы техника – 25;
  • ОТРК/ТРК қондырғылары – 4.
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button