«Донбасс үшін шайқас Екінші дүниежүзілік соғысты еске түсіреді»
КИЕВ. 8 сәуір. Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Донбасс үшін шайқастың Екінші дүниежүзілік соғыстың кезіндегіден кем болмайтынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Украина мен Ресей агрессорларының Донбасс үшін шайқасы Екінші дүниежүзілік соғысқа ұқсайды», – деді ведомство басшысы бейсенбі күні Брюссельде НАТО елдері сыртқы істер министрлерінен кездесуі кезіндегі баспасөз мәслихатында.
«Мен өкінішті болса да, шындықты айтайын: Донбасс үшін шайқас біздің есімізге операцияларының, маневрлерінің көптігімен, мыңдаған танкілердің, бронды машиналардың, ұшақтардың, артиллериялардың қатысуымен өткен Екінші дүниежүзілік соғысты түсіреді. Бұл нағыз сындарлы операция болады, оның барысында біз Ресейдің бұған қаншалықты дайын екенін көреміз. Ресейдің өз жоспары бар, біздің өз жоспарымыз бар, ал шайқастың нәтижесі ұрыс алаңында шешіледі», – деді ол.
Министр қазір одақтастардың Украинаға өздерінің әлі ойланып жүргендері және өздері қабылдайтын көптеген проблемаларды шешудің процедурасынан өтулері керек екені жайлы айтпауларының маңызы зор екенін мәлімдеді.
«Не сіздер бізге қазір көмектесесіздер, – мен алдағы апталар емес, күндер туралы айтып тұрмын, – не сіздердің көмектеріңіз кеш болып қалады. Егер көмек кешігіп келер болса, бұған дейін көп адам қаза тауып, көп тұрғындар үй-жайларын тастап кетеді, көптеген селолар қирап үлгереді», – деді Кулеба.
Сыртқы істер министрі Ресейдің бар күшін осында топтастырып жатқанын да атап өтті.
Ұлыбритания барлауының мәліметінше, Донбасс үшін кескілескен шайқас енді ары кетсе, 2-3 күннің ішінде басталып кетеді.
Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің соғыста тығырыққа тірелсе емес, керісінше күші басым бола бастаса, ядролық қару қолдануы ықтимал екенін баянады. Ол Ресейді Одессаны да тура Маруиполь сияқты етіп талқандап тастауды жоспарлап отырғанын да айтты.