Украин қауіпсіздік қызметі сатқынды ұстау кезінде өлтірді
КИЕВ. 5 наурыз. Украинаның бірінші Гомель келіссөз делегациясының мүшесі Денис Киреев жауға жұмыс істеп жүр деген күдікпен ұсталу барысында атып тасталды. Бұл туралы Sport.ua хабарлады.
Украин келіссөз делегациясының мүшесін 5 наурыз күні Украина қауіпсіздік қызметі атып өлтірді. Қауіпсіздік қызметі оны Ресейдің тыңшысы деген күдік келтіреді. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткенге ұқсайды.
БАҚ-тардың ақпары бойынша, арнайы қызмет органдарында Киреевтің мемлекеттік сатқындық жасағанына дәлелдер болған, айтқанда, ресейліктермен телефонмен сөйлескен сөздері тыңдалған.
Киреев 2006-2008 жылдары «Финанс» мекемесінде бас директордың орынбасары позициясында қызмет істеген. Сосын Австрияның «ағайынды Клюевтер тобы» жұмыс жасаған. 2006-2012 жылдары «Укрэксимбанк» бақылау кеңесінің мүшесі болған. 2010-2014 жылдары Клюевтер квотасымен «Ощадбанк» басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ Private equity Fund және Fixed income Fund қорларын басқарумен айналысқан.
Енді Денис Киреевтің қандай жолмен оккупанттармен Гомель облысында өтетін келіссөз делегациясы құрамына кіргені әзірге түсініксіз.
«5-арнаның» мәліметі бойынша, 2020 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары оның РФ арнайы қызметіне жұмыс істеу ықтималдыдығы жөнінде қылмыстық іс қозғаған. Тергеу авторлары Киреевтің жыл ішінде бірнеше рет Ресейге барып қайтқанын, онда кураторларымен кездесуі мүмкін екенін растайды.
Бір таңғаларлығы, президент офисі ұсынған Украина билігінің Гомель қаласында 28 ақпанда өтетін келіссөзді жүргізетін делегациясы мүшелері тізімінде Денис Киреевтің аты-жөні болмаған. Алайда, украин делегациясы тарапынан жарияланған суреттерде оның отырғанын байқауға болады. Ол халық депутаты Рустем Умеровтің жанында отыр.