Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Украин делегациясы РФ-мен келіссөз үшін шекараға келді
КИЕВ. 28 ақпан. Украина делегациясы РФ өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін украин-белорус шекарасындағы Припять өзенінің жағасына келді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украин делегациясы құрамында Жоғарғы рада «Слуга народа» фракциясының басшысы Давид Арахамия, Украина қорғаныс министрі Алексей Резников, президент офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, Үшжақты контакт тобы басшысының орынбасары Андрей костин, халық депутатфы Рустем Умеров және сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий бар.
Украин тарапының бұл келіссөз барысында қарсыластарына қоятын басты мәселелері – атысты жедел тоқтату және Украина территориясынан әскерлерін алып кету.