Енді экс-министрге «отанын сатты» деген айып тағылды
АСТАНА. 22 ақпан. Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа мемлекеттік сатқындық жасады деген айып та тағылды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
ZTV telegram-арнасы мәнбесінің хабарлауынша, экс-Қорғаныс министрі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қастандық жасаушыларға көмектескен.
«Атап айтқанда, Бектановтың басшылық ететін Қорғаныс министрлігі қасіретті қаңтардың бірнеше күнінде стратегиялық нысандарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпеген. Сол себепті полиция мен ұлттық ұланда қимыл еркіндігі болған жоқ және жағдай бақыланбады. Расында, Қорғаныс министрінің әрекеті қастандықтың артында тұрғандарға тиімді болды.
Сондықтан ҰҚШҰ күштерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды. Ең бастысы, біздегі ақпаратқа сәйкес, кейбір бейбіт тұрғындардың өлімі әскерилердің жауапкершілігінде. Бұл да әскери cаланың бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерін көрсетеді» делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Қылмыстық-процессуаылды кодексінің 128-бабына сәйкес, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
«Биылғы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеген кезде. Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Қорғаныс министрі М.Қ.Бектанов міндеттерін орындай алмады. 19.02.2022 аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 452-бабы (билік органдарының әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – делінген хабарламада.