Ықпалды әулетпен байланысы бар кеден операторлары тексерілуде
АСТАНА. 29 қаңтар. Қазақстанда ықпалды отбасының туыстарымен байланыстағы кеден операторларының контрабандылық тауарларға қатысты жақтарын тексеру басталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Агенттік тілшісіне мұндай мәліметті жағдайды жақсы білетін бір шенеунік жеткізді.
«Кеден операторларын бірден үн-түнсіз үстерінен басып қалу үшін кеше барлық офистерге арнайы тексеру топтары шұғыл аттандырылды. Істерді контейнерлер бойынша қозғайды, операторларды тап басты. Бір сөзбен, жұмыс басталды. Шамасы, облыстың (Алматы – ҚазТАГ) мемлекеттік салық департаментінің қызметкерлерін жұмыстан босататын сияқты. Бәлкім, уақыт өте келе, облыстық департамент басшысын да жауапкершілікке тартатын шығар. Егер оған ешкім ара түспей, бәрін соған аударып жібере салса.Уақыт көрсетеді!» – деді мәнбе осыған орай.
ҚазТАГ-қа бұл ақпарды Алматының коммерциялық шеңберіндегілер де айғақтап берді. «Күш құрылымдары БАЭ-ден, Түркия мен Қытайдан келген тауарлардың кіргізілуін мұзият тексеріп жатыр. Тауарлар контрабандалық жолмен, кеден декларацияларын ауыстырып жіберу тәсілімен әкелінген. Тауарлардың кеден арқылы өткенінен немесе олардың монополияға айналып кетуінен кеден операторларының тар шеңберімен жұмыс істеуге мәжбүр етілетін бизнес зардап шегеді», – деді ондағылар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеден шекараларында кешенді тексеру жүргізіп, тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.