Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрін қатты сынға алды
АСТАНА. 19 қаңтар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жаңа Қорғаныс министрін таныстырар кезде бұрынғыны қатты сынға алды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Мемлекет басшысы өзінің өкімімен Мұрат Бектановты (суретте) Қорғаныс министрі лауазымынан босатып, келесі өкімімен оның орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады.
«Жақсылықов Руслан Фатихұлы Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалсын», – делінген өкімде.
1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 2021 жылғы 31 тамызда Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.
Жаңа Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов 2021 жылғы қыркүйектен бері Қорғаныс вице-министрі болып келді. Оған дейін, 2014 жылдан Ұлттық гвардияны басқарды, ал 2013 жылы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер әскерлерін басқарды. Ол 1966 жылы Алматы облысының Қаскелең қаласында туған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрін таныстырып тұрып, бұрынғы министрді қатты сынға алды. Ол Руслан Жақсылықовтың Алматы жалпы әскери командалық училищесі мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Бас штабының М.В. Фрунзе атындағы әскери академиясын бітіргенін айтты. Ішкі істер министрлігі әскерінде 30 жыл қызмет атқарды.
Президент қарулы күштерге айрықша талаптар қойылатынына тоқталды. «Армия біздің тәуелсіз еліміздің тірегі болып, мемлекет мүддесін қорға й алатын болуға тиіс. Қаңтардағы оқиғалар кезінде Қарулы күштер өзін барынша сенімсіз қимыл көрсетті, оның инициативасыз басшылығы өзінің алдына қойылған міндеттерді лайықты орындай алмады. Министр Бектанов командирлік қасиеттер көрсеткен жоқ. Қарауымызда командалық-штаб және әскери жаттығулар барысында жақсы нәтижелерге жеткен армия бола тұрып, біз сын сәтінде оның әлеуетін пайдалана алмай, сырттың күшіне жүгінуге мәжбүр болдық», – деді Тоқаев.