Жаңалықтар жаңғырығыТаным

«Новая газетаның» басшысы Нобель сыйлығының лауреаты болды

СТОКГОЛЬМ. 8 қазан. Ресейде шығатын «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов бүгін Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Швед академиясы хабарлады.

Академия бұл жаңалықты өзінің ресми Twitter-інде жариялады.

Нобель сыйлығының «Бейбітшілік» деп аталатын номинациясы бойынша биыл екі тұлға лауреат болып отыр. Олардың екіншісі де журалист, Филиппин елінің қаламгері Мария Рессе де осы сыйлыққа ие болды. Екеуі де тартуды «демократия мен әлемнің беріктігінің қажетті шарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға күш салғандары үшін» алып отыр.

Дмитрий Муратов – Ресей журналисі, тележүргізуші, «Новая газета» басылымының негізін қалаушылардың бірі, оның бас редакторы. Ол Нобельдің аталмыш сыйлығын алған үшінші ресейлік тұлға болып отыр. Бұған дейін «Бейбітшілік» аталымы бойынша белгілі ғалым-физик, құқық қорғаушы Андрей Сахаров пен КСРО-ның бірінші және соңғы президенті, Одақты таратушы Михаил Горбачёв лауреат атанған болатын.

Муратов басшылық жасайтын «Новая газета» шынында өте жақсы басылым. Оппозициялық үнпарақ болып табылатын ол ұдайы әлем мен Ресейге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп отыратынымен оқырман қауымның ықыласына бөленген. Мұндай актуальды тақырыптар хақында жазылған мақалаларды газеттің кез келген нөмірінен тауып алуға болады.

Мария Ресса – журналист және жазушы. Ол әлемге танымал Rappler сайтының қосымша құрылтайшысы болып табылады. Соңғы 20 жылдан бері Оңтүстік-Шығыс Азияда жетекші репортер болып қызмет етіп келеді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button