25 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан футзалшылары бүгін жартылай финалда ойнайды

30 Қыркүйек 2021 20:05
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан футзалшылары бүгін жартылай финалда ойнайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВИЛЬНЮС. 30 қыркүйек. Бүгін түнде футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Португалия командасымен кездеседі. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазақстан құрамасы бірінші рет жаһандық жарыстың жартылай финалына шығып отыр. Ал бүгін қарсыласын ұтып, финалға жолдама алатын болса, ол нағыз зор табыс болар еді.

Негізі, ондай жетістікке жетуге толық мүмкіндік бар. Бұл қарсыластар бұған дейін бір рет, 2015 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде кездескен. Сол жолы біздің жерлестеріміз қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп кеткен. Ал 2016 жылы Қазақстан құрамасы континент чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Ал Португалия құрамасы құрлық біріншіліктерінде табысты өнер көрсетіп келеді. Ол 2008 жылы финалға шығып, Испаниядан жеңіліс тапты. 2010 жылы финалда тағы Испаниямен ұшырасып, жеңіске жетті. Демек, Еуропаның чемпионы және күміс жүлдегері деген атақтары бар.

Қазақстан құрамасы осы жолғы біріншіліктің плей-офф кезеңінде, 1/8 финалда Таиландты 7:0, ал 1/4 финалда Иранды 3:2 етіп ұтып, жартылай финалға шыққан болатын.

Португалиялықтар плей-оффтың екі кездесуінде де овертаймда ұтысқа жетті. Ол 1/8 финалда Сербияны 4:3 етіп жеңсе, 1/4 финалда Испанияны 4:2 етіп тізе бүктірді.

Қазақстан ширек финалда Иранды жеңгеннен кейін УЕФА-ның рейтингісінде 2147 ұпаймен үшінші сатыға көтерілді. Португалия 2121 ұпаймен төртінші орында тұр. Бұлардың алдында Испания (2254) мен Ресей (2164) келеді.

Португалия – Қазақстан матчы Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады. Ойын «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Таңбалар: ҚазақстанПортугалияфутзал

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist