Өзінің жүкті екенін білмеген 15-тегі қыз босанып қалды
ЛОНДОН. 23 қыркүйек. Өзінің жүкті екенінен бейхабар 15 жастағы оқушы қыз мектепке барар алдында туып қойды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Ұлыбританияда мектепте оқитын Алексис Куин соның алдында өзінің жүктілігіне қатысты тест тапсырған екен. Бірақ оның нәтижесі кері болып шыққан. Осы аралықта оның етеккірі де уақытылы келіп тұрған.
Қыздың екіқабат екенін білдіретін алғашқы сиптомптар оның жазғы демалыста жүрген кезінде байқалған. Ол ішінің ұдайы күйіп тұратынын білген. Сонымен бірге, іші өспеген. Ал тестің жағдайы жаңағыдай болған.
Куин қыркүйекте 11-сыныпқа барған. Сабақтың бірінші күнінде түс ауа оның арқасы ауырған. Үйге келгесін түнімен ұйықтай алмай шығыпты. Ал таңертең ата-анасына ауырып тұрғанын айтыпты. Алайда, олар қызды сабақтан қалдырғылары келмей, мектепке жібергенше асыққан.
Сол кезде үйдегі дәретханаған кірген Алексис толғақтың басталып кеткенін байқайды. Қздың мұндай жаңалықты естуге даяр емес анасы заматында естен танып құлап қалыпты. Сондықтан «жедел жәрдемді» қыздың үйде жүрген тәтесі шақырыпты. Бірақ көлік келем дегенше туыты басталып кеткен жасөспірімді тәтесі диспетчердің кеңесі көмегімен өзі босандырып алыпты.
Англияда мұндай жағдай биыл бұдан бұрын да орын алған еді. Ол жолы 27 жастағы әйел өзінің жүкті екенін білмей қалыпты. Оксфорд қаласында тұратын ол асүйде босанып қалыпты.