Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Тәліптердің «мерекелік» оқ атулары 17 адамды өлтірді
КАБУЛ. 4 қыркүйек. Ауғанстан астанасында «Талибан» ұйымының «мерекелік» сипатта оқ атулары кезінде 17 адам оққа ұшты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Оқ ату тәліптердің Панджер шатқалын толық өздеріне қаратулары құрметіне орын алған. Мұнда олардың билігімен келіспейтін топтың жасақтары шоғырланған еді. Қарсылық тобын елдің вице-президенті басқарды.
Тәліптердің Кабул көшесінде ерсілі-қарсылы оқшашу ретінде оқ атулары салдарынан 17 адам қаза тауып, 40-тан астам адам әртүрлі жарақат алған.
Осыдан кейін «Талибан» өкілдері енді ауаға оқ атуға тыйым салынатынын мәлімдеді. Тәртіп бұзған содырлардан қарулары алынады. Кісі өліміне себепші болғандар жауапқа тартылады.