Қыркүйекте әлем татарлары «Татарча диктант» акциясын өткізеді
ҚАЗАН. 4 қыркүйек. Қыркүйек айында Ресей мен әлемнің ондаған қалаларында дәстүрлі «Татарча диктант-2021» акциясы өткізіледі. Бұл туралы «Татар-информ» хабарлады.
Татарстан мен Башқортстанда диктант жазу 10 қыркүйекке белгіленсе, Ресейдің басқа аймақтарында – 11 қыркүйекке, шетелдерде 12 қыркүйекке сәйкес келеді. Акцияға тілек білдіруші кез келген адам қатыса алады.
Бүкіләлемдік татар жастары форумының райысы Ленария Муслюмова биылғы жылы акцияға қатысушылардың саны миллион адамға дейін жететінін баяндады.
«Соңғы екі жылда «Татарша диктант» акциясына қатысушылардың саны геометриялық прогреспен өсіп келеді. Биылғы жылғы мақсатымыз – әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын татарлардың 10 пайызын, яғни миллионға жуық адамды тарту», – деді ол.
2020 жылы татар тілінде диктант жазуға 375 мың адам қатысты, содан бір жыл бұрын олардың саны 100 мың болып еді. Биыл «Татарча диктант» алтыншы рет өткелі тұр.