Жоғалып кеткен ит 11 жылдан кейін иелеріне оралды
ЛОНДОН. 24 маусым. Англияның Досет графтығындағы Бакленд Ньютон деревнясында жоқ болып кеткен ит арада 11 жыл өткенде өзінің қожайындарына қайтып келді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Сара Ковелл есімі Крампет деп аталатын джек-рассел-терьердің 2010 жылы үйдің ауласында жүрген жерінде жоқ болып кеткенін айтты. Ол кезде ит небәрі үш айлық күшік екен.
Ағылшын әйел сосын күйеуімен және екі баласымен бірге күшікті округ бойынша іздестіріп, ақыры таппай қойыпты.
Ал 2021 жылғы маусымда Ковелл итінің табылғаны айтып, Борнмуттағы ветеринарға қоңырау шалыпты. Олар төбетті көшеде жүрген жерінен көріп қалып, ветеринария клиникасына алып келеді. Сол жерде оның микрошипі тексеріледі.
«Басында мен үйдегі үш терьерімнің бірі қашып кеткен екен деп ойладым, – дейді әйел. – Ветеринар иттің аты Крампет екенін айтқанында, өз құлағыма өзім сенбей тұрып қалдым».
«Мен велосипедпен келе жатыр едім, бір мезет өз төбетімді көргенде, таң қалғаннан құлап та қала жаздадым», – дейді ол. Сонымен бірге, Крампеттің табылатынына үміттері үзілгенін де айтады. Сосын өз көзіне сенбей, ветеринарға алып келген.
Өкінішке орай, Крампеттің денсаулығы онша мықты емес екен. Оның жүрегінде шуыл бар, екі құлағы бірдей ісіп кеткен, осының салдарынан естімейтін болған. Ковелл бұл итті әлдекім алып кеткен, кейін оның ауырып қалғанын білгесін, емдеуге кететін шығындардан қашып, көшеге шығарып тастаған деп есептейді.