25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзбекстан шекарасындағы екі ауыл Қазақстан құрамына кірді

30 Мамыр 2021 09:32
- Аймақ, Жаңалықтар
Өзбекстан шекарасындағы екі ауыл Қазақстан құрамына кірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 29 мамыр. Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан екі ауыл ресми түрде Түркістан облысының территориясына енгізілді. Бұл туралы Central.uz хабарлады.

«Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Бағыс және Хиёбон елді мекендері Түркістан облысының территориясына ресми түрде енгізілді», – делінген хабарламада.

Тиісті құжат 25 мамыр күні Қазақстан премьер-министрінің сайтына орналасқан. Үкімет қаулысында Бағыс және Хиябан ауылдарының жалпы ауданы 795,65 га жерді құрайтыны атап көрсетілген. Аталмыш шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жаңа елді мекендердің қосылуына байланысты Түркістан облысының шекарасына өзгеріс енгізілді.

Бағыс ауылы Шымкент қаласынан 150 шақырым қашықтыққа орналасқан. Онда 1200 адам тұрады. Ауыл тұрғындары 2001 жылы «тәуелсіз республика құру» туралы мәлімдемелері арқылы көпшілікке мәлім болған. Себебі, олар сол сәтте өздерінің Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің қайсысына қарайтындарын білмеген. Кеңес кезеңінде мұнда Орта Азия әскери округіне қарайтын көкөніс-бақша совхозы орналасқан. Кеңес Одағы ыдырығаннан кейін елді мекен ешкімге керек болмай қалған. Ал ауылдарда негізінен қазақ ұлтты тұрғындар тұрып келген. Екі ортада әрі-сәрі болып қалған олар сол сәтте осылайша екі елдің басшыларын келіссөз үстеліне отыруға мәжбүр еткен. Нәтижесінде ауыл 2003 жылы Қазақстанға өткен. Алайда, елді мекен сол қалпы Қазақстан картасына кірмей қалыпты.

Өзбек тарапы шекаралық келісімнің бүге-шігесін айтып отырған жоқ.

Үстіміздегі жылғы наурыз айында Бағыс тұрғындары тағы да өздерінің наразылықтарын білдірді. 16 наурызда ауылға Қазақстан Үкіметінің арнайы комиссиясы келді. Арада екі апта өткенде, Сарыағаш аудандық әкімдігі мен мәслихаты Бағыс ауылын – Ақжар ауылдық округінің, ал Хиябон ауылын Құркелес ауылдық округінің құрамына енгізу туралы шешім шығарды. Осыған байланысты Түркістан облыстық әкімдігі Үкіметке тиісті құжаттарды жөнелтті.

Таңбалар: БағысСарыағашХиябон

Ұқсас мақалалар

Денесі дәретханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі анықталды
Жаңалықтар

Денесі дәретханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі анықталды

17.08.2024
Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды
Жаңалықтар

Бас прокурор 5 жасар қызды зорлап, өлтіру ісін бақылауға алды

14.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist