Билл Гейтс әйелімен келісім арқылы ажырасып жатыр
НЬЮ-ЙОРК. 5 мамыр. Әйгілі Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейт пен оның әйелі Мелинда бір-бірімен ажырасатын болып шешті. Бұл туралы «Би-би-си» хабарлады.
Олар 27 жылдық жұбайлық өмірден кейін өзара осындай ұйғарымға келіпті. Бірақ мұның астарында не жатқаны әзірге белгісіз.
«Біз ұзақ уақыт ойланып-толғанып келіп, өзара қарым-қатынасымызды үйлестіре келіп, некемізді бұзу жөнінде түпкілікті шешімге келдік», – деп жазды Гейтс «Твиттер» әлеуметтік желісінде.
«Біз 27 жылдық бірлескен өміріміздің ішінде үш керемет баланы өсіріп шығардық, бүкіл әлем халқының салауатты да өнікті өмір сүрулеріне көмектесетін қайырымдылық қорын құрдық. Біз бұл миссияның жұмысын бұрынғысынша жоғары бағалаймыз, қордағы бірлескен жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз, бірақ біз жұп ретінде бірге өсе беретінімізге енді сенбейміз», – деді Билл Гейтс мәлімдемесінде.
Билл Гейтс болашақ жарымен 80-жылдардың соңында танысқан. Сол уақытта Мелинда Microsoft-қа жұмыс істеуге келген еді.
Ерлі-зайыптылар 2000 жылы Билл және Мелинда Гейтстер қайырымдылық қорын құрды. Осы арқылы өздері тапқан табыстарды жаратып отырды.
Қазір Forbes-тің мәліметі бойынша, Билл Гейтс планетадағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші болып тұр.